2018-07-16 12:19 pm

Жазушы Шынай Рахметұлының «Шолақ қол келіншек» драмасы Қазақстанның театрына қойылады Аймгийн мэдээ

Монғолия мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, жазушы,  журналисті Шынай Рахметұлының «Шолақ қол келіншек» трагедиялық драмасы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласына осы айдың 27-29 –ы күндері ойналады. Адамдық асыл қасиеттер жомарттық пен қайырымдылық туралы баяндайтын аталмыш драманың қоюшы режиссері Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының директоры Акелеев Сахан Долдиұлы, суретшісі Алдабергенов Данияр Рахымбекұлы.

Жазушының «Шолақ қол келіншек» драмасы 1991-шы жылы ұлы ақын, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының шығармашылығына негізделіп жазылған. 1991-1993 жылдары Баян-Өлгей аймағының Музыкалы Драма Театрына үш рет қойылып, көптің көңілінен шыққан туынды. Аталмыш туынды автордың Қазақстан республикасының сахнасына қойылған тұңғыш пьесасы болмақ. 

Сондай-ақ жазушынын мұнан басқа Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан әзірге жалғыз батыр, Халқын-гол шайқасының қаһарманы – Ікей Мәзімұлы жайлы жазылған «Жар тілегі» пьесасы және «Енді қайту керек», «Бүркіт» қатарлы 10 - ға тарта пьесалары Аймақтық Музыкалы Драма Театры және сұмындардың мәдениет орталықтарында ойналып келеді 



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх