2018-09-19 09:58 am

"Тарлан" клубының спортшылары Каратэдан мемлекеттік чемпион сыналту сайысынан 3 медаль жеңіп алды Спорт

Моңғолияның Шинкиокушинкай каратэ қоғамынан ұйымдастыруымен 21-ші сәуір күні  Ұлан-Батыр қаласында өткен, Каратэдан мемлекеттік чемпионат сыналту бәсексіне аймағымыздың «Тарлан» клубының 11 спортшысы қатысты. Нәтижесінде жеткіншектерден 10—11 жас Нұрболат Манарбекұлы алтын, 12-14 жас Айдос Бейбітханұлы қола, ересектерден 65 келі салмақта, 1-ші дан қара белбеу иегері  Серкікбол Съезханұлы күміс медаль жеңіп алды. Сайыстың барысы жайлы «Тарлан» клубының бапкері Серкікбол Съезханұлынан анықтадық. Ол: «Біздің мақсатымыз балаларды ерте жасынан салауатты өмір салтына, азаматтық борыш сезімдеріне тәрбиелу. Бұл балалар ертеңгі әлемдік жарыстардағы ел үміті» - дейді.

Каратэ жекпе-жегінің бұл түрі елімізде жақсы дамымаған. Әзірге моңғолияның 21 аймағынан жалғыз Баян-Өлгейде ғана клуб бар.  Клуб бапкері Серікбол Съезханұлы 2005 жылы Қазақстан Республикасының Астана қаласанды оқып жүргенде, аталмыш спорт түрімен айналысқан. Бапкері - Қанат Бекмағамбетов. Биыл «Тарлан» атты клуб құрып, шәкірт тәрбиелеп, атамекеннен ұққан өнерді туған жерде кәдеге жаратып жүрген азамааттың арманы алыста.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх