2018-12-10 02:16 pm

Моңғолия профессоры павлодарлық студенттерге дәріс оқиды Аймгийн мэдээ

Қобда университетінің  аймағымыздағы бөлімшесінің ұстазы, профессор Қиналған Жылқыайдарқызы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне дәріс беруде. Қиналған Жылқыайдарқызын Павлодар мемлекеттік университетіне кафедра меңгерушісі профессор Алтынбек Нұқұлы дәріс беруге шақыртқан.

Тәжірибелі профессор 16-27 сәуір аралығында «Қазақ-Моңғол тілдерінің салыстырмалы граматикасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша білім алып жатқан студенттерге 44 сағаттық лекция оқиды. Айта кетерлігі, Павлодар мемлекеттік педагогикалық  университеті мен Қобда университетінің Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесі 2017 жылы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Аталмыш құжатта, мұғалімдер мен студенттер алмасу, бірлескен зерттеу жұмыстары және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру секілді мәселелер енген болатын.  Келесі кезекте Қазақстан Республикасының ұстаздары Баян-Өлгей аймағындағы Қобда университетінің филиалының студенттеріне дәріс оқиды.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх