2018-05-28 09:43 am

Саяси нәубет құрбандарының отбасыларына өтемақы төлейді Улсын хэмжээнд

Еліміз Парламенті былтырғы көктемгі сессиясында 1938 жылғы саяси нәубет құрбандарын ақтау, оларға өтемақы, құн төлеу туралы заңнамаға қосымша өзгеріс енгізіп, бекіткен болатын. Осыған байланысты өтемақы 2019 жылдан бастап төлене бастайтын болды.

Моңғолия алғаш рет 1998 жылы заң қабылдап, саяси нәубет құрбандарын ақтап, олардың отбасыларына өтемақы төлей бастады. Заң күшіне енген сәттен бастап ақтау, шағым, өтініш жасау мерзімі үш рет, талап қою құқығы, талқылау мерзімі төрт рет ұзартылған болатын. Ал ең соңғы ұзартылған мерзім 2011 жылдың 30 желтоқсанында аяқталып, қайтадан өтініш қабылдайтын құқықтық орта болмаған еді. Содан бері аттай алты жыл өтті. Осыған байланысты уақыт мерзімін қайтадан созып, заңға түзетулер енгізу жайлы заң жобасын Парламент төрағасының орынбасары Я.Санжмятав, депутаттар Д.Сарангэрэл, Н.Энхболддар 2017 жылғы 7 қыркүйекте Парламентке ұсынған еді.

Нәтижесінде 2011 жылдан бері бірнеше рет ұсынылғанымен қолдау таппаған аталмыш заң жобасы Парламентте талқыланып, 2018 жылдың 12 қаңтарында түпкілікті қабылданды. Заңға енгізілген түзетулерге байланысты, нәубет құрбандарын ақтау және шағымдану мерзімі 2 жылға жалғасып 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады. Ал өтемақы қаражаты 2018 жылдың мемлекеттік бюджетіне енбегендіктен 2019 жылдан бастап берілмек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Моңғолияда жала жабылып, жалған саяси істермен қуғындалған, өлім жазасына кесілген немесе бас бостандығынан айырылып сотталған жәбірленушілердің туған балаларының саны 400-ге жуық деген ақпарат бар. Сондай-ақ, бұрынғы заңда нәубет құрбандарының ұрпақтары, ағайындары мен немерелеріне өтемақы беріліп келсе, бұл жолы заңды жұбайына, туған және асырап алған баласына, қайтыс болғаннан кейінгі 10 ай ішінде туған баласының қайсы біріне беріледі. Егерде бұл адамдар бұған дейін баспана немесе ақшалай өтемақыны қандай да бір мемлекеттiк мекемеден алған болса, бұл заңға қамтылмайды. Заң бойынша қуғындалған тұлға өлім жазасына кесілген болса оның заңды туысына 80 миллион төгрөг (34 мың АҚШ доллар), бас бостандығынан айырған болса 40 миллион төгрөгтің (17 мың АҚШ доллар) өтемақысы беріледі.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх