2018-11-18 03:17 pm

Еліміз астанасы Улаанбаатар қаласында «Ұлттық жазба мәдениеті» атты үздік оқушы сыналту өтті. Мэдээ Мэдээлэл

Еліміз астанасы Улаанбаатар  қаласында  «Ұлттық  жазба мәдениеті» атты  үздік  оқушы сыналту мемлекеттік  13-ші олимпиядасына  Өлгей  сұмыны ЕЕС ұстаз  Ниязұлы  Байылхан  атындағы   5-  толық  орта  мектебінің  6-  сынып  оқушысы  Саяжан  Жарқынқызы  қатысып  бас  жүлдеге  қол  жеткізді.  Бұл жолғы сайысқа  Улаанбаатар  қаласының  барлық  ауданы  және 13  аймақтан  барлығы  216 оқушы  қатысып,  соңғы  сатыға  3  оқушы  қалған  еді.  Өзінің 9 жыл бойы  алған білімінің  нәтижесінде   Саяжан  Жарқынқызы бас жүлдеге ие  болып,  аймағымыз  мәртебесін  көтерді. Бұл   олимпияда  елімізде   ұлттық  жазба  мәдениетінің  білімін  арттыру,  ұлттық  тілде   оқу және жазуды үйрену мақсатында  ұласпалы  сайыс  ретінде  ұйымдастырылуда. Біз де  Саяжанға  «Білімнің  биіктерінен  көріне  бер»-  деген  тілегімізді  редакция  атынан  жолдаймыз.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх