2018-11-18 03:17 pm

Қоғам қайраткері Қашқынбай Мәлікұлының туғанына 100 жыл Мэдээ Мэдээлэл

Қашықынбай қысқа ғұмырында  аймақтық  Партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін 13 жыл, Халық Ұлы Хуралының басқарма мүшесі және Ұлы Хуралдың хатшысы қызыметін 6 жыл, Ногооннуур, Бугат сұмындарының бастығы қызметін 11 жыл, Увс және Қобда аймақтарында прокурор болып 3-4 жыл, басқа да жұмыстарын қосқанда жалпы 50 жылдай қоғамға еңбек етті. Бір сөзбен айтқанда 1921 жылдан кейін есін жиып, еңсесін тіктеген Моңғол елінің дамуына орасан зор еңбек еткен - тұлға.  Биыл аталмыш тұлғаның 100 жылдық мерей тойын атап өтуге ниет білдірушілер көп. Солардың бірі ауыл ағасы, ақсақал Сейілхан Бүркітбайұлы. Сейілхан қария: «Тек ғана Шыбарайғыр руы емес барша қазақтың мақтанышына айналған, Қашқынбайдың 100 жылдық мерей тойын белгілеп өткізсе деген тілекті басшыларға халық атынан жеткізіп отырым» - деді.

Қайшқынбай Мәлікұлының мерей тойын атап өтудің жөні бар екенін ААӨХ-ның Төрағасы Бауыржан Дәлелұлыда мойындайды.

 «Есімі елге белгілі азаматтың мерей тойын тойлау барша халыққа борыш. Өлкеміздің бір туар азаматына қандай құрмет көрсетсе де айып емес. Қашқынбай менің туған өлкем Дэлүүннің мектебінің ірге тасын қаласқаннан бастап, барлық салалардың дамуына үлес қосқан бірегей тұлға» - деді ААӨХ-ның Төрағасы Бауыржан Дәлелұлы.

Қашқынбай Мәлікұлы аймақ тарихындағы елеулі оқиғалардың барлығының басы-қасында болды. Ол Дэлүүн сұмын мектебінің ірге тасын қаласып, аймақтың алғашқы оқу бөлімінің басшысы, Аймақтық атқару әкімшілігінің бірінші орынбасары  және ХҰХ-ның хатшысы, Моңғолияның Ішкі істер министрлігінің Баян - Өлгей аймағындағы өкілі қатарлы маңызды қызметтерді атқарды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында  Моңғол елі атынан майданға көмек жеткізу, Сталиннің қабылдаунда болып оның қолынан  747 - ші  нөмірлі «ТТ» пистолетін сыйлыққа алды. 1956 жылы Қытай компартиясының  кезекті ҮІІІ съезінде Монғол елінің делегациясы құрамында болып Қытай көсемі Мао Цзе Дунмен де кездесті. 



Сэтгэгдэл үлдээх:

2018-05-09 08:12:09

zochin

keremet

2018-05-09 08:12:24

zochin

keremet janalih

2018-05-10 05:42:33

Konak

Jaraisiyn Uatkhannin Khuati

2018-05-10 05:43:46

Konak

Jaraisiyn Uatkhannin Khuati

2018-05-10 05:43:46

Konak

Jaraisiyn Uatkhannin Khuati

2018-05-10 06:53:48

Shybaraigyr

Dalyel Bauyrjanga Alla raz bolsin


Илгээх