2018-05-28 09:41 am

Елбасы Халтмаагийн Баттулга, Владимир Путинге құттықтау жолдады. Улсын хэмжээнд

 

Ресей президенті Владимир Путин кезекті сайлауда жеңіске жетіп, ант көтеріп, міндетті қызметіне кірісуіне байланысты Елбасы Халтмаагийн Баттулга құттықтау жеделхатын жолдады. Жеделхатта: Сізді шын көңілден құттықтаймын. Сіз президент болып жұмыстаған мерзімде Ресей халқының аса үлкен сеніміне ие болып отаныңыздың әлеуметтік экономикалық дамуын жаңа сатыға көтерумен бірге Моңғолия Ресейдің стратегиялық серіктесі ретіндегі қатынасы мен ынтымақтастығында жаңа парақ ашылады дегенге сенімім зор. Екі ел халқы Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында бір мүддеге біріккені тарихтан белгілі. Ұлы жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай сізді және Ресей халқын мерекемен құттықтаймын. Сізге денсаулық, қызметте зор табыс, туысқан Ресей халқына гүлденіп даму тілеймін- делінген.



Сэтгэгдэл үлдээх:



Илгээх