2018-09-19 09:59 am

Кездейсоқ апаттардан сақтанайық атты оқыту семинары ұйымдастырылды Улсын хэмжээнд

Оқыту семинары екі күнге жалғасады. Аталмыш шараға аймақ басшылары, Улаанбаатар қаласындағы жұқпалы аурулар зерттеу ұлттық орталығы және аймағымыз жұқпалы аурулар зерттеу орталығы, біріккен аурухана, денсаулық басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасы тағы басқадай қатысты тараптардың жұмысшы қызметкерлері қатысты.

 Аймағымыздың барлық сұмындарында, әсіресе шекара аумағында орналасқан Улаанхус, Ногооннуур сұмындары мен Ақкөл қалашығын оба ауруының ошағы деп есептелінеді. Сондай-ақ көрші елдерде де шығу қаупі жоғары. Ал, Хөвсгөл аймағының жұқпалы аурулар орталығының бастығы Уртнасан: «Біздің суырдың оба індеті 2015 жылы шығып, екі адам ауырып, біреуі көз жұмған» дейді.

Аймағымыз Қытай және Ресей елдерімен шекараласады. Ал,  ауруда шекара болмайды. Сондықтан азаматтар ерекше сақтық танытып, ауырған суырды немесе суырдың өлексесін көрсе қатысты ұйым-мекемелерге хабарлау қажет. Әрі суыр ауламауын қатаң ескертеміз дейді аймақтық зооноз жұқпалы аурулар зерттеу орталығыны бастығы Анаргүл Бақытқанқызы.

Оба ауруының ошағы әр сұмында бар деп есептелінеді. Сондықтан азаматтар осыны әрдайым есінен шығармағаны абзал. Малшыларды былай қойғанда қоғамда белсенді қызмет атқаратын кейбір атқамінерлер суыр аулап, етін жеуді әдетке айналдырған. Қандай бір жағдаймен ауруға шалдықсаңыз, зияны тек сізге ғана емес, бүкіл елге тиетінін ұмытпаңыз дейді мамандар.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх