2018-10-19 06:49 pm

Селден зардап шеккендердің тізіміне бақ әкімдері жауапты Аймгийн мэдээ

Аймақ Әкімінің «А – 536» – шы үкімі бойынша сел апатынан шығынның мөлшерін анықтайтын жұмыс тобы құрылғанынан барлықтарыңыз хабардар боларсыздар. Аталмыш жұмыс тобының  пайымдауынша 530 отбасы зардап шекті деген қортынды шыққан болатын. Мұнда, негізгі тізімді жасағандар бақ әкімдері болатын- дейді Төтенше жағдайлар басқармасының Өрттен қорғау мемлекеттік бақылау инспекторы, лейтенант, зиянды анықтау жұмыс тобының хатшысы Ербұлан Қанатұлы.

Ол; «Қәзіргі жағдаймен тек ғана бақ әкімдері жасаған тізім бойынша көмек көрсетіледі. Ал былайғы жұртшылық тізімді, Төтенше жағдайлар басқармасы жасады деген қате түсінікте жүр. Жұмыс тобының құрамында Төтенше жағдайлар басқармасынан бірде-бір адам болмады. Бір сөзбен айтқанда, қай бақтың қандай азаматы қанша шығынға ұшырады?, кімге көмек көрсету қажет? - дегеннен Төтенше жағдайлар басқармасы бейқабар. Бақ әкімдерінің келтірген тізімін жұмыс тобының хатшысы біріктіріп, АӘ-ің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі Кәмәлият мырзаға табыстаған. Сондықтан азаматтар көмекке қамтылған, қамтылмағандарын бақ әкімдерінен сұрап біле алады. Екіншіде, сел апатынан зардап шеккен азаматтар Төтенше жағдайлар басқармасына жазатайым оқиға туралы акт шығаруға ниет білдіруде. Жазатайым оқиға туралы акті алатын азаматтар қамсыздандыруға қамтылған жағдайда, қамсыздандырудан ақша шығартып алуға болады. Жазатайым оқиға туралы акт шығарту үшін төмендегідей құжаттарды толтыру қажет.

Мұнда; Аймақ, сұмын, бақ әкімдерінің жұмыс тобын құру туралы үкімі, комиссияның жазатайым оқиға туралы актісі, оқиға орын алған кездегі суретті Бақ әкімінің растамасымен қоса келтірген болу, апаттан зардап шеккендердің мүліктерінің бағалауы, Аймақ, Сұмын, Бақ әкімдерінің анықтамасы, азаматтық куәліктің көшірмесі, ауа райы және қоршаған ортаны бақылау басқармасының анықтамасы, зиян шегуші азаматтардың түсініктемесі, арыз, мүлікі тураы анықтама, аймақ, сұмын, бақ әкімдерінің анықтамасы қажет.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх