2018-12-10 02:16 pm

Аймақтық Төтенше комиссия төтенше жағдай кезінде қандай шаруалар атқарды? Мэдээ Мэдээлэл

Қараша айының 31-нен желтоқсан айының 1-і аралығында аймағымыз өлкесіне тағыда жойқын дауыл соғу қаупінің ықтималдығы жоғары екенін аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасынан ескертті.

Ал қараша айының 24-25 күндері батыс аймақтарда және аймағымызда болған дауылдың жылдамдығы 34 м/с ке жетіп, дауылдан залал шеккен азаматтардан аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасына 31 шақыру келіп түскен. Мұнан киіз үй жығылуға байланысты 6, ұйым-мекмелер мен жеке тұрғындардың дуалы құлап, шатыры желге ұшуға байланысты 16 шақыру, өрттің салдарынан 1, қарылы-бұрқақ күні автокөлікпен жолға шығып адасуға байланысты 5, ыққан мал, адасқан малшылар жайында 3 шақыру тізімделген. Мұнан сырт электр діңгектері құлап, аймағымыздың барылық сұмындары жарықсыз, ұйым мекемелер мен пәтер үйлер жылусыз және ауыз сусыз қалған.

Алайда аймақтық Төтенше жағдайлар комиссиясының жедел шарасының нәтижесінде пәтер үйлер мен  ұйымдықтардың жылу, ауыз су мәселелері дер кезінде шешіліп, баспаналары қираған тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, жоғалғандарды іздестіру жұмыстары тыңғылықты ұйымдастырылып, табиғи апаттан туындауы ықтимал залалдардың алдын алған.

Мәселен, Дүргэн су электр станциясының электр жарығын  пайдаланаса, аймағымыздың Ногооннуур сұмыны өлкесінде орналасқан Дулаанхаар кен-орнының авариялық-қосымша электр тарататын моторын да іске қосуды ойластырған. Біріккен жылу жүйесіне қосылған сұмындар да қосымша моторларын іске қосып жылу тарату құрылғыларының тұрақты жұмыстауын қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар басқармасынан 57 адамның құрамындағы қосыны, 6 автокөлікпен зардап шегушілерді қоныстандыруға жұмылдырылған.

Бұл реткі дауылда аймағымыздың кейбір сұмындарының төтенше жағдай әзірлігі жоғарда деңгейде екендігі, төтенше жағдайлар орын алған уақытта заңда көрсетілген міндеттерін орындауға қабілетті екендері көрініс беріп отыр. Оған дәлел, Сагсай сұмынында ақбұрқақта адасқан 6, 12 жастағы балаларды, Алтанцөгц, Тұлба, Дэлүүн сұмындарында киіз үйі жығылған отбасыларды қоныстандыруы мен ыққан отардың соңында жүрген малшылар мен көліктері бұзылған жолаушыларды дер кезінде тауып алулары.

Ең бастысы адам аман. Апат кезінде орын алған басты келеңсіздің, Ақкөл қалашығынан Қызылүй бағытына қатынайтын жолда автокөліктері бұзылудың салдарынан екі жүргінші үсініп  Ауруханаға жеткізілді – дейді Аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасының Апаттан қорғау, жоспарлау,  әзірлік жұмыстарын жауаптанған аға маман, Апаттан қорғау мемлекеттік инспекторы, капитан Азат Зейнелұлы.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх