2018-12-10 02:16 pm

Ертеңнен бастап батыс төрт аймақтың электр желісі қалыпты қызмет етеді Мэдээ Мэдээлэл

Батыс аймақтары өлкелерінде осы айдың 24 нен 25 қараған түні соққан дауылдың салдарынан орын алған жағдайлар мен зиянды жою үшінгі жасалып жатқан  іс-шаралар туралы Еліміз Энергетикалық реттеу комиссиясының төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлы мәлімдеді­.

Тілейхан мырзаның берген мәліметіне қарағанда, «Бүгінгі Үкімет отырысында табиғи апат салдарынан бүлінген әуе желілерін қалпына келтіру, азаматтарға келтірілген залалды жою туралы талқылаған. Электр беру желілерін қалпына келтіру,  дауылдың салдарынан баспаналары желге ұшқан немесе қайта қолдануға жарамсыз болған батыс аймақтағы 168 отбасыны жаңадан баспаналы болдыруға қажетті 1 млрд 400 млн төгрөгтің шығынын өтеп беретін болды. Бүгіннен бастап үй тиеген  көліктер жолға шығатын болады»­-деді.

Электр станцияларының үш бағанын қалпына келтірген. Осылайша электрсіз болған 4 аймақ ертеңнен бастап қалыпты қызмет көрсете бастайтын болады деді.  

Сонымен қатар, бұл реткі табиғи апат аймағымызда жарықпен қанымдау ісі қанағатсыз екендігін көрсетеді. Апат айтып келмейді электр үзілген мезетте жалғайтын қосымша моторлы болатын сәт жетті деді –телефон арқылы берген мәліметінде.



Сэтгэгдэл үлдээх:

no comment


Илгээх